Өзінің ішкі ағзасын 15 млн теңгеге бағалаған ақтөбелік тұрғын ұсталды

332

Прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында заңсыздықты анықтаған.    

Өзінің ішкі ағзасын 15 млн теңгеге бағалаған ақтөбелік тұрғын ұсталды Фото: canva

Ақтөбелік тұрғыннан өзінің ішкі органдарын сатуы бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасымен бастамашылық жасалған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша мәміле жасамақ болған күдікті ұсталды.

Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция департаментімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген Ақтөбе облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу