Ақтөбе облысында пара алған білім бөлімінің басшысы сотталды

418

Ол  жұмысқа тұрғызғаны үшін 400 мың теңге алған.  

Ақтөбе облысында пара алған білім бөлімінің басшысы сотталды Фото: rgmedia2

Сот материалдарында көрсетілгендей, Ырғыз аудандық білім бөлімі басшысы өз қызметін пайдалана отырып, қарамағындағы мектеп директорына әйел адамды мұғалім қылып қызметке алуға тапсырма берген. Бұл "қызметін" білім бөлімінің басшысы 400 мың теңгеге "бағалаған". Оған қылмыстық кодекстің "Пара алу" бабы бойынша айып тағылды. Соттың шешімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып,  3 жылға бас бостандығынан айрыылды.

"Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде мүгедек баласының болуын, шын жүректен өкінуі мен қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етулерін танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу