Ақтөбе облысында пара алған тергеу изоляторының бастығы сотталды

636

Оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Ақтөбе облысында пара алған тергеу изоляторының бастығы сотталды Фото: zakon.kz

Ақтөбе облысында тергеу изоляторының бастығы сотталушыны камерадан казармаға ауыстырғаны үшін 450 мың теңге көлемінде пара алған, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтөбе қалалық №2 соты судьясының шешімі бойынша ҚАЖД КА-168/3 мекемесінің бұрынғы басшысы 3 жылға бас бостандығынын айырылды. Сотталушыны камерадан казармаға ауыстыру ақысы пара деп танылды.

"Сот биыл 7 қыркүйекте Ә. есімді азаматтың Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/3 мекемесінің бастығы бола тұра, сотталушы Д.-ны жазасын өтеу үшін камерадан казармаға ауыстырғаны үшін пара ретінде 450 000 теңге алған. Оның кінәсі жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және мойындау айғақтарымен расталды", – деп хабарлады сот.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Прокурор оған 3,5 жыл сұрады. Бірақ сотталушының шынайы өкінуі мен кішкентай баласының болуы жазаны жеңілдететін шарттар ретінде қарастырылды.  

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу