Ақтөбе облысында патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды

86

Sunqar кешендері – патрульдік полиция қызметкерлерінсіз жұмыс істейді.      

Ақтөбе облысында патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды Фото: gov.kz

Кешен ЖИ технологиялары негізінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын жоғары дәлдікпен анықтайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қандыағаш, Алға қалаларында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге арналған кешендер іске қосылды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүйе көлік құралдарын, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін және құқық бұзушылық түрлерін автоматты түрде танып, тіркелген деректерді бірден ЕРАП ақпараттық жүйесіне жібереді. Полиция департаменті нақтылағандай, жол қозғалысы ережелерінің 5.42-тармағына сәйкес "фото-бейнефиксация" жол белгісін орнату міндетті емес.

Цифрлы бейнебақылау камералары Алға қаласының Абай, Ә. Жангелдин көшелері мен Вокзальный тұйық көшесі қиылысына, Қандыағаш қаласының Тәуелсіздік даңғылы бойында, "Фосфорит" гараждар кооперативі жанында және А. Байтұрсынов, Т. Байқұнов көшелері қиылысында орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу