Бүгін Ақтөбе облысында темір жол өткелінде "Нива Шевроле" автокөлігі мен локомотив соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, ЖКО "СинОйл" мұнай базасы аумағында "Ақтөбе-Орынбор" трассасының теміржол өткелінде шамамен сағат 6:00-де орын алған.
"ЖКО салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, жолаушы жарақат алды", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу