Ақтөбе облысында полицейлер аязда жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті

117

Түнде ауа температурасы –25 градусқа дейін төмендеген.    

Ақтөбе облысында полицейлер аязда жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолда қалған Тәжікстан азаматтарына көмектесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарабұтақ ауылының маңында полицейлер жол жиегінде тұрған жолаушылар автобусын байқаған. Аталған автобус Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған. Қолайсыз ауа райы мен қатты аяз салдарынан көлік қозғалысын жалғастыра алмаған.

Автобус салонында 34 шетел азаматы болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларға қажетті көмек көрсетті. Аязда ұзақ уақыт қалып қоймауы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар уақытша кемпингке жеткізіліп, орналастырылды. Онда жолаушыларға жылынып, демалып, ауа райы жақсарғанша күтуге мүмкіндік жасалды.

Медициналық көмекке жүгіну деректері тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта жағдай полиция қызметкерлерінің бақылауында. Ауа райы тұрақталғаннан кейін жолаушылар өз сапарларын жалғастыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу