Ақтөбе облысында полиция есірткі қойып кетушіні қылмыс үстінде ұстады

446

Ұсталған азаматты жеке тінту кезінде ішіне ұнтақ зат салынған 23 орама тәркіленді.  

Ақтөбе облысында полиция есірткі қойып кетушіні қылмыс үстінде ұстады Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтау қаласының 25 жастағы тұрғынын есірткі қою кезінде ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктінің жалдамалы пәтерінен тінту кезінде ұнтақ заты бар 18 орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың салмағы 42 грамнан асатын пирролидиновалерофенон (альфа-PvP) синтетикалық есірткісі екені анықталды. Бұл 600-ге жуық бір реттік дозаны құрайды.

Есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық заңнамада есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны, жөнелткені не өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу