Ақтөбе облысында шахта өртенді

130

Денесін күйік шалған 3 адам ауруханаға жеткізілді.  

Ақтөбе облысында шахта өртенді Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында орналасқан Дон тау-байыту комбинатының "Болашақ" шахтасында төтенше жағдай болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"26 мамыр күні сағат 22:30 шамасында "Дон ТБК-ның "Болашақ" шахтасының өндіру блогында ауа ортасының қысқа мерзімді жануы орын алды. Жабдықты монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан үш кезекші электрслесарь зардап шекті. Қызметкерлер беті мен қолының білезік тұсынан күйік шалды", – деп хабарлады "Қазхром" АҚ баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккендер дереу Хромтау орталық ауруханасына жеткізіліп, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Кәсіпорын басшылығы дәрігерлермен және зардап шеккендердің туыстарымен байланыс ұстап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу