Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу басталды

288

Жалпы, 784,4 мың га жер өңделеді. 

Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу басталды Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы  шегіртке зиянкестеріне қарсы алдын-алу іс-шаралары туралы облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, шегіртке дернәсілдерінің алғашқы жер бетіне шығуы 3 мамырда Ырғыз ауданының аумағында тіркелген. Бүгінде шегіртке Байғанин, Қобда, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Шалқар аудандарында ұшып жүр.

15 мамырдан бастап Ойыл ауданында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу басталған. Қазіргі уақытта 510 га жер үсті желдеткіш-бүріккіштермен өңделді. Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша "Ақтөбе-Құнарлылық" ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

Дәрі жер бетіне ғана емес, сонымен қатар әуеден де себіледі.

Фитосанитариялық жағдайды жақсарту және саяқ шегірткелерге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында биылғы жылға облыстық бюджеттен 304,5 млн. теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 55,3 мың литр дәрі сатып алынды. Олар облыстың барлық қала, аудандарына таратылды.

Жалпы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін облыстық және аудандық штабтар бақылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу