Ақтөбе облысында шетелдік азамат үлкен көлемде ақша мен құжаттарын жоғалтты

534

Бұл туралы  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысында шетелдік азамат үлкен көлемде ақша мен құжаттарын жоғалтты  Фото: El.kz

"31 наурыз күні жүргізуші Тимур Сүлейманов Астанадан келе жатып, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында орналасқан кафеге шай ішуге кіріп, үстел үстінен 1100 АҚШ доллары, 465 мың теңге ақшасы мен құжаттары бар әмиян тапқан.

Азамат сөмкені полиция қызметкерлеріне тапсырған. Ақша мен құжаттардың Қырғыз Республикасының азаматы Бекар Хиязовқа тиесілі екенін анықталды", делінген хабарламада.

Қазалы қаласына жетіп қалған Хиязовқа полицейлер жоғалған заттарын тапсырған.

Шетелдік полиция қызметкерлеріне және әмиянды тапқан жүргізушіге алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу