Ақтөбе облысында Сирия азаматтары ұсталды

871

Ақтөбе облысында үш автокөлік ұсталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз мәслихатының хабарлауынша, олардың ішінде 50-ге тарта тірі кептер болған. 

Ақтөбе облысында Сирия азаматтары ұсталды

Үш автокөліктің жүргізушілері және жолаушылары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Байғанин ауданының полиция бөліміне жеткізілді. 

Ресми дерекке сүйенсек, олардың біреуі Қазақстан азаматы, қалған бесеуі Сирия азаматы екені анықталды. 

Ұсталғандардың сөзінше, бірнеше күн бұрын олар Алматыдан Ақтөбеге жолға шыққан. Ал кептерлерді Арал маңы тұрғындарынан тағам ретінде пайдалану үшін сатып алған. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 389-бабы бойынша оларға қатысты әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді. 

Сот шешімі бойынша, Қазақстанның бір азаматы мен Сирияның бір азаматы 25 мың теңгеден төлейтін болып міндеттелді. Екі сириялық көші-қон заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның біріне ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалса, екіншісі 15 тәулікке қамалмақ. Ал қалған екеуі жазаға тартылмайтын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу