Ақтөбе облысында сот автосалонды тұрғынның көлігін ауыстырып беруге міндеттеді

1050

Тұрғынның бұрынғы көлігі 3 ай бұрын жанып кеткен.

Ақтөбе облысында сот автосалонды тұрғынның көлігін ауыстырып беруге міндеттеді

Ақтөбе облысында сот автосалонды әйелдің көлігін ауыстырып беруге міндеттеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Облыстық сотта азаматтық істер алқасы істі қараған. Онда тұрғын 2020 жылы Ресейде жасалған жаңа көлікті автосалоннан сатып алған. Үш айдан кейін автомобиль өздігінен өртеніп, гаражбен бірге жанып кеткен.

Оқыс оқиғаның себебін зерттеген сарапшы мен сот сарапшысы автомобиль зауытта құрастырылған кезде онда техникалық ақау болуы мүмкін, салдарынан автомобиль өздігінен жанған деген қорытынды жасаған.

"Сотта әйелдің көлікті дұрыс пайдаланбауынан өрт шықты деген көзқарас дәлелденбеген. Осылайша, сапасыз тауарды ауыстыру міндеттелді", – деп жазылған Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот талапкердің талабын қанағаттандырып, автосалонды тұрғынның көлігін ауыстырып беруге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу