Ақтөбе облысында спорт алаңдарының 80 пайызы ескірген

506

Өңірде спорт нысандары жөндеу жұмыстары жеделдетілмек.

Ақтөбе облысында спорт алаңдарының 80 пайызы ескірген Фото: Әзиз Жанұзақ

Соңғы бір жыл ішінде өңірде 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді. Оның 13-і ауылдық жерлерде орналасқан.Дегенмен, оның өзі аздық етеді. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының айтуынша, соған қарамастан аймақта спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылып келеді.    

"2023-інші жылы 3 320 спорттық-бұқаралық іс-шара өткіздік. Оған 400 000-нан аса адам қатысты. Оның 170 мыңы ауылдық жерден.  Өңір халқының 42 пайызы бұқаралық спортпен айналысады. 2022/2023-інші оқу жылында қосымша білім беру бағдарламасы бойынша мектептерде 2,8 мыңға жуық спорт секциясы жұмыс істеп, оларға 84 мыңнан астам бала қатысты", - деп атап өтті Евгений Гончаров.

Дегенмен, спорт саласында тиімді шешімді талап ететін біраз мәселе бар. Әсіресе, ескірген спорт алаңдарын жөндеп, спорт кешендері жоқ ірі елді мекендерге жаңасын салу міндеті тұр.

Сондықтан, спорт басқармасына жаңа нысандардың құрылысы туралы толық ақпаратты қамтитын жол картасын әзірлеу тапсырылды. Бұл жұмыстарға білім басқармасы, жаңадан құрылып жатқан жастар басқармасы және басқа да жауапты мемлекеттік органдар атсалысуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу