Спорт мектебінің директорлары алаңдар мен залдарды жалға беруден түскен қаражатты өз қажетіне жаратқаны дәлелденді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, екі директор 12 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын ұтыс ойындарына қойған.
Ақтөбе облысының прокуратурасы 2 қылмыстық істі тіркеп отыр.
– Ол 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражаттарын букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салған.
Аталған фактілер бойынша прокуратурамен 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар облыстық Экономикалық тергеу департаментімен тергеп-тексерілді.
Биыл 10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды, – делінген хабарламада.