Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарға аэровизуалды ұшып аралау жүргізілді

438

Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.  

Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарға аэровизуалды ұшып аралау жүргізілді Фото: gov.kz

2023 жылғы 31 қаңтарда Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник М.Т. Аманбаев және Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.Б. Тұрмағамбетов "Қазгидромет" РМК қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Алға, Қарғалы және Мәртөк аудандарын, сондай-ақ Ақтөбе қаласының шеттеріне аэровизуальды ұшып аралау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ұшып аралау барысында Сазды, Тамды, Жеңішке өзендерінің су жинау бассейндері, Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы бағытындағы еріген су ағыны арнасының басталуы, сондай-ақ, Беляевская, Петропавл бөгеттерінің жай-күйі қаралды.

"Қазгидромет" РМК мамандары қар қорын, қардың тығыздығын өлшеді. Бүгінгі күнге Сазды өзенінің бастауында қардың биіктігі 30 см, қардың тығыздығы 0,16 г/см2, Тамды өзенінде қардың биіктігі 31 см, тығыздығы 0,15 г/см2, Жіңішке өзенінде – 28 см, тығыздығы 0,18 г/см2. Бұл жағдайда жер бетінде мұз қабығының болуы байқалады, бұл өз кезегінде температураның күрт жоғарылауымен еріген су ағынының пайда болу қаупінің жоғары екендігін көрсетеді. Топырақтың қатуы 70-тен 112 см-ге дейін, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу