Кеше түнде Байғанин ауданының Қарауылкелді-Оймауыт автожолын қарғын су шайып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Қазір Миялы,Оймауыт және Дияр ауылдарына қарай қатынас жоқ.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, су шайған жол елді мекендерден 120 км қашықта орналасқан. Бүлінген жол учаскесінде еріген судың қарқыны басылған соң, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.
Қазір аталған аумақты жергілікті әкімдік пен полицейлер күзетіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу