Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу шараларына полицейлер тартылды

373

Полицейлер мен құтқарушылар ағын су бағытын бұру және бөгеу шараларын тәулік бойы атқарып жатыр.  

Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу шараларына полицейлер тартылды Фото: polisia.kz

Еріген қар суымен бірге екі күннен бері жауған жаңбырдың салдарынан, облыс аумағында бірнеше ауылды су басты. Әсіресе, Темір, Байғанин, Қобда, Мұғалжар аудандары зардап шегуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полицейлер мен құтқарушылар ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ағын су бағытын бұру және бөгеу шараларын тәулік бойы атқаруда.

"Ембі қалалық полиция бөлімшесінің жеке құрамы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылын су тасқынынан қорғау шараларына қатысуда. Ауылды еріген қар суынан қорғау жұмыстарына полиция бөлімінің 25 қызметкері жұмылдырылған", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу