Ақтөбе облысында сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі бөлінді

492

Энергетика министрлігі жоспарға сәйкес, Ақтөбе облысына биылғы жылдың үшінші тоқсанына 32 945 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді, оның ішінде тамыз айына 12 399 тонна, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысында сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі бөлінді Фото: inbusiness.kz

Сонымен қатар осы айда қосымша 1 213 тонна сұйытылған мұнай газын бөлу туралы шешім қабылданды.

Ақтөбе облысының энергетика және ТКШ басқармасының ақпаратына сүйенсек, 4 тамыздағы жағдай бойынша 2 295 тонна газ жөнелтілді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының автогаз құю станцияларында сұйылтылған газды бөлшек саудада өткізу құны 1 литр үшін 54 теңгені, ал облыс орталығынан шалғай аудандарда (200 километрден астам) 1 литр үшін 59 теңгені құрайды.

Ақтөбе жанармай құю бекеттеріндегі ахуал бақылауда. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен басқарма мамандары 47 автогаз құю станциясына барды. Газ 36 бекетте сатылымда болды. Қалғандарына өнім алдағы екі күнде жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу