Ақтөбе облысында табынды емес шегірткелердің таралуы болжанып отыр

Табындық емес зиянкестерге қарсы фитосанитариялық өңдеулер жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 61 млн теңге бөлінді. 

Ақтөбе облысында табынды емес шегірткелердің таралуы болжанып отыр Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының аумағында 667,8 мың га  жер зиянкестерге қарсы препараттармен өңделді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

"Италиялық прусқа қарсы фитосанитариялық іс-шаралар 647 мың гектарда жүргізілді, алқаптарды зиянкестерге тексеру жұмысы жалғасып жатыр. Өңірге химиялық өңдеуге арналған аумақтардың ықтимал кеңеюін ескере отырып, 41 мың гектарға қосымша препараттар көлемі жіберілді. Азиялық шегірткеге қарсы 20,9 мың гектар жерге қорғау іс-шаралары жүргізілді", – деп хабарлады ведомствода.

Қазір облыста Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек бар. Ол Алға, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Қобда Ыргыз, Байғанин, Шалқар және Әйтеке би аудандарының шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесулер өткізді. Күн тәртібінде өңір аумағында шегірткелерге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру мәселесі болды.

Химиялық өңдеуді жүргізу үшін 56 бірлік арнайы техника, оның ішінде 19 жерүсті желдеткіш бүріккіш, 19 аэрозольді газ генераторы, 8 аса жеңіл авиация кемесі және 10 ұшақ жұмылдырылды.

Жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары басқаратын жедел штаб құрылды, тиісті жұмыстардың жоспары бекітілді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрінің өңірлерге жұмыс сапары жалғасып жатыр.

Ербол Қарашөкеев шегірткенің таралуы тіркелген Ақтөбе және Қостанай облыстарының шекарасында жедел кеңес өткізді. АШМ басшысы әкімдік қызметкерлерімен және фермерлермен бірге қорғау іс-шараларын ұйымдастырудың ағымдағы проблемалық мәселелерін талқылап, тиісті тапсырмалар берді.

Осы облыстардың шекаралас аудандарында зиянкестер екі шаруа қожалығы - "Құмкұдық" ЖШС және "Алтынсарино" ЖШС-нің 20 мың га аумағына таралғанын атап өткен жөн. Сол күні химиялық өңдеу жүргізілді, алдағы 2-3 күнде 4 мың га алқапта тиісті жұмыстар аяқталады. Сарапшылар бұл кезеңде италиялық прус ауылшаруашылық дақылдарына зиян тигізбегенін атап өтті. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерден зардап шеккен жоқ.

"Ақтөбе облысында табын шегірткелерінің екі түрі - италиялық прус және азиялық шегіртке кең таралған. Сонымен қатар, биыл өңірде табынды емес шегірткелердің таралуы болжанып отыр. Табындық емес зиянкестерге қарсы фитосанитариялық өңдеулер жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 61 млн теңге бөлініп, 5,7 мың га өңделген, бұл жоспарланған алаңдардың 52%-ын құрайды", – деп хабарлады министрлік.

Ел аумағында шегірткеге байланысты мониторингтік және қорғау іс-шаралары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу