Ақтөбе облысында тасқын кезінде өлген 677 бас малдың иелеріне өтемақы берілді

255

Қазірге дейін 35 адамға 89 миллион теңгеден астам қаржы төленген.

Ақтөбе облысында тасқын кезінде өлген 677 бас малдың иелеріне өтемақы берілді Фото: canva.com

Өңірде 3232 бас мал өлген еді. Комиссияға ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары мен жекелеген тұрғындардан 278 арыз түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мал шығыны әсіресе, Ойыл мен Қобда ауданында көп тіркелген. Төтенше жағдай жарияланған алты ауданның ішінде Әйтеке би тұрғындарынан ғана өтемақы алу бойынша аз арыз түскен.

"Статистика басқармасының аудандарда филиалдары бар, солар малдың нарықтағы бағасын анықтайды. Аудандық комиссия актілеп, шешім шығарды. Қазір шаруашылықтарға сол алгоритмдерге сай қаржы аударылып жатыр. 677 бас мал үшін 89,1 миллион теңге аударылды. Мал басы мен қаржы көлемі күнделікті өзгеріп отырады. Алгоритмге сәйкес малдың өлексесі болуы керек, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы басқармасының базасында тіркелген болуы тиіс. Өлексесі бар, бірақ сырғасы түсіп қалған болуы мүмкін. Ол кезде де базада бар-жоғына мән беріледі.  Мемлекет қаржысы болғаннан кейін оны комисся мұқият қарап жатыр.Өйткені, тексеріс боалды", - деді Обылстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Өтеш.

Бүгінге дейін өлен малдың түгелге жуығы инсенераторлар арқылы өртелді. Бұл жұмыстар Ойыл ауданында жүріп жатыр. Төтенше жағадй жарияланған басқа бес ауданда өлекселер түгелдей жойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу