Ақтөбе облысында теміржол өткелінде болған көлік апатынан жолаушы көз жұмды

561

40 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Ақтөбе облысында теміржол өткелінде болған көлік апатынан жолаушы көз жұмды Фото: pexels

Ақтөбе облысында теміржол өткелінде екі көлік соқтығысып, жеңіл автокөліктің жолаушысы қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында 53 жастағы DAF жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Орынбор автожолымен жүріп келе жатып, қатар бағытта жүріп келе жатқан және реттелмейтін теміржол өткеліне тоқтаған Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Opel автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу