Ақтөбе облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына алғашқы тұрғынүй сертификаттары берілді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Баспанаға мұқтаж тұрғындарға материалдық қолдау білдіру үшін Ақтөбе облысы әкімдігі бірінші кезең аясында 250 млн теңге бөліп отыр. Бұл қаражат "Нұр Ақтөбе" ықшамауданында салынған үйлердегі бір бөлмелі пәтерлерді немесе коттедждерді сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төмендетуге бағытталады. Барлығы 500-дей тұрғынүй сатылады деп жоспарланып отыр.
Тұрғын үй сертификаттарын сатып алу туралы өтініштерді әкімдік қызметкерлері Ақтөбе қаласының Халықтық кеңсе ғимаратында қабылдап жатыр. Жергілікті атқарушы органда тұрғын үй кезегінде тұрған, меншігінде үйі жоқ және төлем қабілеттілігін растай алатын азаматтар материалдық қолдаудан үміткер атана алады.
Әкімдіктен бөлінген қаражатты заемшыға бес жыл ішінде үстеме ақысыз қайтару керек екенін есте ұстаған жөн. Орта есеппен алғанда ай сайынғы төлем 8 000 теңгені құрайды.