Ақтөбе облысында тойдан кейін 100-ден аса адам уланды

164

Науқастар Ақтөбе және Қандыағаш қаласындағы ауруханаларға жатқызылды.  

Ақтөбе облысында тойдан кейін 100-ден аса адам уланды Фото: zakon.kz

Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласында өткен үйлену тойынан кейін қонақтар жаппай уланып, ауруханаға түсіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

19 маусымнан бері Қандыағаштағы "Тұмар" мейрамханасына барған 102 адам ішек инфекциясының белгілерімен аудандық және облыстық жұқпалы аурулар ауруханаларына жүгінген. Оның ішінде 34 науқаста сальмонеллездің ықтимал жағдайы тіркелді.

“Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалануда. Оларға қажет медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылып, Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригадалар жіберілді. Медициналық ұйымдарда қажет төсек-орын қоры дайындалып, дәрілік заттардың жеткілікті қоры қамтамасыз етілді”, – деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқас қажетті ем қабылдауда. Оқиғаға байланысты эпидемиологиялық тексеру басталды. Мамандар тағам өнімдері мен қоршаған ортадан сынамалар алып, зертханалық сараптамаға жіберген.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру аяқталғанға дейін қоғамдық тамақтану нысанының қызметін уақытша тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу