Ақтөбе облысында Торғай өзенінің суы тасыды

239

Ауылға су кіре бастады. 

Ақтөбе облысында Торғай өзенінің суы тасыды Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Нұра ауылындағы қорғаныш бөгетінің топырақ үйіндісі шайылып кетті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Ауылға су кіре бастады. Оқиға орнында 126 адам бар, оның 119-ы – ауылды құтқару үшін қалған Нұра ауылының тұрғыны. 

Жағдайды зерттеу үшін ТЖД бастығы оқиға орнына Ми-8 тікұшағымен ұшып кетті.

Бұған дейін мұнда топырақ салынған 1100 қап төселіп, 390 тонна инертті материал жеткізілген. 12 және 13 сәуірде Нұрадан 572 адам, оның ішінде 326 бала эвакуацияланды. 242 адам, оның ішінде 156 бала Ырғыз ауылының эвакуациялық пунктіне орналастырылды, 310 адам туыстарына жеткізілді, оның 195-і – бала. 20 адам қайтып келді, 7-і – бала.

Нұра ауылында 112 тұрғын үй бар, 691 адам тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу