Ақтөбе облысында транзиттік ауыр жүк көліктерінің кептелісі байқалуда

317

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" автожолында ауыр жүк көліктерінің жиналуына қатысты ақпаратқа мәлімдеме жасады.  

Ақтөбе облысында транзиттік ауыр жүк көліктерінің кептелісі байқалуда Фото: qazavtojol

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі жол учаскесінде транзиттік ауыр жүк көліктерінің кептелісі  байқалуда.

Алайда, жүк көліктері аталған учаскеде 10 күннен астам уақыт бойына қаңтарылып тұр  деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Ақтөбе- Қарабұтақ" бағыты бойынша көлік қозғалысына шектеу жоқ, жол ашық. Алайда, ауа райының қолайсыздығына және көліктердің кептелісіне байланысты қозғалыс ақырын жылдамдықпен жүріп жатыр.

Ақтөбе облысында 4-12-ші ақпан аралығында төтенше жағдай кезінде жолдың ашылуын күтіп тұрған ауыр жүк көліктерінің барлығы дерлік проблемалық аймақтардан сәтті өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу