Ақтөбе облысында тұрғын үй салуға 14 мыңнан астам жер учаскесі беріледі

2074

Ақтөбе облысында тұрғын үй салуға 14 мыңнан астам жер учаскесі беріледі

Ақтөбенің облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен жиында жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жиын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер мәселесі бойынша қазіргі жағдайды талқылаумен ашылды.

2015 жылдан бастап облыста тұрғын үй салу үшін 25,5 мың жер телімі берілді. Алайда, күту тізімдерінің саны азаймай отыр, - деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай. Мәселен, 2017 жылғы желтоқсанда тұрғын үй құрылысына 10 сотық жерді алу үшін 150 мыңға жуық өтінім тіркелсе, бүгінгі күні 161 мыңға жуық.

Ең көп ұсыныс ақтөбеліктерден - 128 мың, Алға ауданы - шамамен 14 мың, Мәртөк шамамен 5 мың және Мұғалжар Хромтау аудандары 4 мың адамнан түскен. Жер кезегі Ойыл және Қобда аудандарында жоқ.

Биылғы жылы 14,2 мыңнан астам учаскені беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі бос жерлерге барлық резервтерді инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету - ақтөбелік тұрғындарға он сотық жерді беруге мүмкіндік береді деп тапсырды. Сондай-ақ, кім бірнеше жыл бойы үй салмай, жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаса сол жерді тартып алуға жұмысты күшейтуді тапсырды. Болашақта тартып алынған жерлер күту тізімдерінде тұрғандарға беріледі.

Бұдан басқа, тұрғын үй салу үшін жерді беру жұмыстары Қарғалы, Әйтеке би және Хромтау аудандарының әкімдеріне жеделдетуге бағытталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу