Ақтөбе облысында тұрғын үйде өрт болып, екі зейнеткер қаза тапты

236

Төтенше жағдайлар министрлігінің 18 мамырға қараған түні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Достық ауылындағы жеке үйлердің бірінде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысында тұрғын үйде өрт болып, екі зейнеткер қаза тапты Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мәліметтерге сүйенсек, өрт орнына жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1955 және 1958 жылы туған екі адамның мәйітін тапты.

"Төтенше жағдайлар қызметі құтқарушыларының күшімен 90 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу