Ақтөбе облысының тұрғыны 21 атыс қаруын үйінде сақтаған

248

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысының тұрғыны 21 атыс қаруын үйінде сақтаған Фото: gov.kz

Биылғы жылдың 28 маусымында ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 бірлік атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, сондай-ақ жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі.

Осы күні ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтады.

Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы және әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді.

Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруімен және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу