Ақтөбе облысында үй кезегінде қайтыс болған азаматтар да тұрған

208

Өңірде баспана беру кезегінде заңбұзушылықтар анықталды.

Ақтөбе облысында үй кезегінде қайтыс болған азаматтар да тұрған Фото: dom.kz

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан аса адам кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар. Алайда тізімнен қателіктер табылған.

"Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден аса азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс нәтижесінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды. Бұл деректер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу