Ақтөбе облысында ұңғымадан шыққан мұнай аралас сұйықтық жерге төгілді

761

Кеңқияқ мұнай-газ өңдеу басқармасына тиесілі кен орынында болған. 

Ақтөбе облысында ұңғымадан шыққан мұнай аралас сұйықтық жерге төгілді Фото: Facebook желісіндегі Естай Жайлыбайдың парақшасынан

Салдарынан  3168 шаршы метр жер ластанып отыр. Қазір эколог мамандар жер қабатынан тиісті сынамалар алып, Ақтөбе облыстық экология департаменті "СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ-на жоспардан тыс экологиялық тексеру  тағайындауда.

 "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мекемесінен 29 қазан күні  бір ұңғымада авария болғандығы  туралы хат келіп түсті. Біз дереу маманымызды сонда  жібердік . Инспектор авария болған жерді  қарап,  кәсіпорын өкілдерімен акт жасады.  Ластанған аумақты өлшеу барысында 3168 шаршы метр  жер ластанғандағы  және  №797 ұңғымадан  мұнай  араласып  ағып жатқаны анықталды.  Сонымен қатар,  "Ақберен" ЖШС  авария салдарын  жоюмен айналысып жатыр,- деді  Ақтөбе облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Тұрар Қожанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу