Ақтөбе облысында үш адам инфекциядан көз жұмды

768

КВИ қарт кісілердің ескі дертін асқындырып тұр.  

Ақтөбе облысында үш адам инфекциядан көз жұмды

Короновирус инфекциясы дерегі бойынша "қызыл аймаққа" енген Ақтөбе облысында наурыз айынан бері дертке шалдыққандар саны 4 есеге өскен. Оған тұрғындардың көктем кезіндегі мерекелік шаралар кезінде көптеп жиналып, бірге тойлауы себеп болған, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Өкінішке қарай, қазіргі КВИ өршу толқыны кезінде облыстың үш тұрғыны көз жұмған. Олардың үшеуі де короновирустық инфекция диагнозымен инфекциялық стационарда емделіп жатқан қарт кісілер, бұған дейін де кейбір ауру түрлері бойынша есепте тұрған.

"Бір пациенттің жүрек тамырдарына операция (шунтирование) жасалған болатын, екінші науқаста қант диабеті бар, үшіншісі инсульт алған еді. Барлығы да өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатқан. Бірақ, бұрыннан келе жатқан дерттері асқынып кетті", - деп түсіндіреді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе облысында тәуекел тобына жататын 460 мың адамға екпе егу жоспарланып отыр. Қазіргі күні облысқа 12700 доза бірінші құрамға және осындай мөлшерде екінші құрамға "Covid-19"-ға қарсы вакцина жеткізілген. Әзірге бірінші құрамдағы екпе 6722, екінші құрамдағы екпе 2452 адамға салынған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу