Ақтөбе облысында ұшақтағы оқиғадан зардап шеккен адам ауруханадан шықты

435

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында болған әуе көлігіне қатысты оқиғадан кейін зардап шеккен азаматқа ота жасалып, ол емін аяқтап ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ақтөбе облысында ұшақтағы оқиғадан зардап шеккен адам ауруханадан шықты Фото: Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 маусым күні тіркелген. Осы жағдай бойынша Қандыағаш станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

"Әуе көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен адам сол күні Ақтөбе қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Ол политравма бөлімінде бір айға жуық ем қабылдаған.

"Науқасқа 10 маусым күні операция жасалды. Оның сол жақ бұғанасы сынған болатын. Отадан кейін жағдайы тұрақталып, 15 шілдеде үйіне шығарылды. Емді амбулаториялық жағдайда жалғастырады", – деді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу