Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді

142

Қазір сәбилер мен олардың анасының жағдайы жақсы.  

Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді Фото: Лайықовтар отбасы

Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді. Оларға Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем дүниеге келді. Нәрестелер анасының жүктілігінің 31-ші аптасында өмір есігін ашты. Жас отбасының бұдан бөлек 5 жасар ұлы және 3 жасар қызы бар. 

"Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы –1600, 1670, 1490 грамм болса, бойлары бірдей – 35 см. Сәбилер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келген. Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы", – деп хабарлады облыстық әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу