Ақтөбе облысында ыдыс шығаратын зауыт іске қосылды

1407

Жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын зауыттың өндірістік қуаты жылына 1 млн дана болады.  

Ақтөбе облысында ыдыс шығаратын зауыт іске қосылды

Fibc Kazakhstan  ЖШС Ақтөбе облысында биг-бэг типті әмбебап ыдыс шығаратын зауыт іске қосты, деп хабарлайды  "Интерфакс-Қазақстан"  агенттігі.

Жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын зауыттың өндірістік қуаты жылына 1 млн дана болады. "Ақтөбе"  индустриялық аймағында орналасқан зауытта қап, жұмсақ контейнер, автомобиль және вагондық жапсырмалар сынды биг-бэгтер шығару жоспарланып отыр.

Компанияның мәліметтері бойынша, биг-бэгтер яғни, бір рет қолданылатын жұмсақ контейнерлер 500-ден 2000 кг-ға дейінгі салмақты көтере алады.

IBC KAZAKHSTAN ЖШС – Ақтөбе облысының компаниясы. Негізгі қызмет түрі-жасанды талшықтар өндірісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу