Ақтөбе облысында заңсыз шаян аулаған екі тұрғын ұсталды

454

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ақтөбе облысында заңсыз шаян аулаған екі тұрғын ұсталды Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары 80 келі шаянды заңсыз аулаған тұрғындарды ұстады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"12 қазан күні Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ақкемер ауылынан 5 шақырым жерде полиция қызметкерлері облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қиыл өзенінің арнасында балық ресурстарын заңсыз аулаған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан жалпы салмағы 80 келіден асатын 5 қап шаян тәркіленді", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жыл басынан бері полицейлер рейдтік жұмыстар барысында сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді, жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салу талаптарын бұзудың 17 дерегінің жолын кесті.

Сондай-ақ балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз пайдаланудың 2 фактісі, заңсыз аң аулаудың 2 фактісі және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 1 фактісінің алдын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу