Ақтөбе облысында заңсыз жалға берілген пәтерлер анықталды

367

Салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 123 пәтерді анықталды.

Ақтөбе облысында заңсыз жалға берілген пәтерлер анықталды Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында учаскелік полиция инспектолары салық органдарында тіркеуде жоқ жалға берілген 123 пәтерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысы аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қылмыстардың жолын кесу және халықпен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату. 

Аталмыш іс-шараның барысында учаскелік полиция инспекторлары жалдамалы пәтерлерді тексеруді жүзеге асырып, салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 123 пәтерді анықтады. Барлық фактілер бойынша салық басқармасына хабарламалар жолданды. Базарлар және басқа да сауда орындары тексерілді. 

Тұрғылықты жері жоқ 16 адам ұсталды. Барлығы 300-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде жүргені үшін – 250, ұсақ бұзақылық үшін – 150. ІІО есебінде тұрған 700-ден астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу