Ақтөбе облысында жастар төбелесіп, 17 жастағы бозбала көз жұмды

151

Оқиға түнде Шалқар қаласында болған.

Ақтөбе облысында жастар төбелесіп, 17 жастағы бозбала көз жұмды Фото: freepik.com

Қазіргі кезде күдіктілер ұсталды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жанжалға қатысқан барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған. Ес-түзсіз денені белгісіз адамдар ауруханаға апарған кезде дәрігерлер бозбаланың өлімін ғана тіркеп, полицияға хабар берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу