Ақтөбе облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

1329

"Ақтөбе жастары" бағдарламасын Отбасы банк пен Ақтөбе облысының әкімдігі бірлесе жүзеге асырады.  

Ақтөбе облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады Фото: 1ns.kz

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы жасы 35-ке дейінгі тұрғындар  жасқа дейінгі облыс тұрғындары барынша тиімді шарттармен баспана сатып ала алады, деп жазады inbuiness.kz Отбасы банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үй ипотекасы жылдық 5 пайызбен беріледі, алғашқы жарна 10%. Бағдарлама қатысушыларына берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге. Баспананы алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады.

Бағдарламаға дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері мен ауылшаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады.

Жоба Астанада өткен VII "Aktobe Investment - 2022" халықаралық инвестициялық форумы аясында таныстырылды. "Ақтөбе жастары" жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойды.

"Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Ақтөбе бұл бағдарламаны жүзеге асырып отырған тоғызыншы облыс.

"Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдік пен Отбасы банк жеке-жеке 300 млн теңгеден бөліп отыр", - деді Ләззат Ибрагимова.

"Ақтөбе жастары" бағдарламасы бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастырады. Өтініштердің қалай қабылданатынын және байқау кезеңі туралы әкімдік қосымша хабарлайды.  Қатысушылар пулы құрылғаннан кейін, олардың барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Үміткерлер өздерінің төлем қабілетін растауы тиіс.

"Ақтөбе жастары" бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:

•             Өтінім берген кезде қатысушының жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы керек;

•             Бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелері соңғы 5 жыл ішінде еліміз аумағында меншік құқығында тұрғын үйі болмауы керек;

•             Ақтөбе облысында таңдаған сала бойынша ресми жұмыс өтілі – соңғы 12 айдан кем емес;

•             Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу