Ақтөбе облысында жел электр станциясы іске қосылды

2031

Станция 20 мың адамды жарық көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Ақтөбе облысында жел электр станциясы іске қосылды

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жел электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысына Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Паскуале Д’Авино келді. Ол жел электр станциясының іске қосылу салтанатты шарасына қатысты.

"Біз өңірдегі жаңартылатын энергия көздері саласындағы алғашқы әрі пилоттық жобаны іске қосқалы тұрмыз. "Жасыл экономикаға" көшу еліміздің даму жолындағы алға қойған мақсаттарының бірі", - деп атап өтті өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Жел электр станциясының жылдық қуаты - 48 МВт. Құны - 33 миллиард теңге. Станция 20 мың адамды жарық көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, Қарғалы ауданы тұрғындарын электр энергиясымен толық қамтуға болады. 2020 жылы жел электр станциясының екінші кезеңі іске асырылатын болады.

"Біздің міндетіміз - өңірде бизнес жүргізу үшін инвесторға қолайлы жағдай жасау. Осы орайда "Eni" компаниясының жобаға 100 миллион доллар инвестиция салуы билік тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесі болып табылады", - деді Оңдасын Оразалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу