Ақтөбе облысында жемқорлардан қайтарылған қаржыға мектеп пен спорт алаңы салынады

630

Ақтөбе облысында сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша қыркүйекте жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар 197 миллион теңге сомасында келтірілген залалды өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақтөбе облысында жемқорлардан қайтарылған қаржыға мектеп пен спорт алаңы салынады Фото: primeminister.kz

Облыс әкімдігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы проблемалы мектеп құрылысын аяқтауға 197 млн теңгенің бір бөлігін жұмсау жөнінде шешім қабылданды.

Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылдың қаңтар айында ашылып, ескі мектепте (1974 жылы салынған) оқыған 54 отбасынан шыққан балалардың мәселесін шешу жоспарланған. Алайда, мердігер компанияның міндеттемені орындамай, өз ісіне немқұрайлылық танытуына байланысты мектеп іске қосылмаған. Қазіргі уақытта нысанға жаңа мердігер тартылып, оны аяқтау үшін 150 миллион теңге бөлінеді.

Өтелген ақшалай қаражаттың бір бөлігі Ақтөбе қаласының аумағында еліміздегі ең ірі workout алаңдарының бірін салуға пайдаланылады. Бұл балалардың бұқаралық спортының дамуына серпін береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Президенттің жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелген ақшалай қаражатқа мектеп салу туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы түгелдей мектеп құрылысына жұмсалатынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу