Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
25 сәуірде Ырғыз ауданы полиция бөліміне 39 жастағы ер адамның белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша туыстары арызданған.
Туыстарының айтуынша, жоғалып кеткен адам бір күн бұрын атпен Қарақоға деп аталатын жерге мал қарауға кетіп, қайтып оралмаған.
Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен іздеу шаралары ұйымдастырылды, нәтижесінде 26 сәуірде Ырғыз өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды.
Өзен арнасының бұл бөлігі су басу аймағында болған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу