Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

886

Тағы 6 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

"24 наурыз Қандыағаш – Ембі – Шалқар тас жолында алдындағы көлікті айналып өтпек болған 40 жастағы "Лада-Приора" көлігінің жүргізушісі қарсы жолақта өзге көліктің бар-жоғын тексермеген. Салдарынан қарсы бағыттағы "Лада-Приора" көлігіне соғылған" , – деп жазылған хабарламада.

Жол апатынан жүргізуші мен көлікте отырған 32 жастағы әйел және 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Ал 3 жасар қыз бала Ембі қаласының ауруханасына жеткізілді. 

Бұған қоса келесі көлікте отырған жүргізуші мен 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы есін жимастан ауруханада қайтыс болды. 

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу