Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

1043

Жас жүргізуші көліктерді басып озбақ болған.  

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Ақтөбе облысында трассада болған апаттан жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы жас жүргізушінің алдындағы көліктерді басып озбақ болуынан туындапты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Жол-көлік апаты 30 қазан күні кешке Байғанин ауданының Ноғайты ауылынан 5 шақырым жердегі "Ақтөбе-Атырау" автожолының бойында тіркелді. Белгілі болғандай, "Mitsubishi Lancer" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы 308-шақырым жерде көліктерді басып озбақ болады. Алайда оның бұл маневрі қарсы бағыттағы көліктердің жүрісіне кедергі келтіріп, соның салдарынан "Volkswagen Passat" автокөлігімен соғысып қалған.

Жол-көлік оқиғасынан "Mitsubishi" автокөлігінің жүргізушісі мен "Mitsubishi" және "Volkswagen" автокөліктерінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал "Volkswagen Passat" автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу