24 жасар ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі Қобда-Жиренқопа (Ақтөбе облысы Қобда ауданы) автожолымен жүріп келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Қобда ауданының 38 жасар тұрғынының басқаруындағы Lada Vesta автокөлігімен соқтығысады, деп жазады inbusiness.kz.
"Апат салдарынан 2 жүргізуші мен Lada Vesta автокөлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу