Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

422

Қайғылы жағдай 19 қарашада болған.

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты Фото: polisia.kz

Оқыс оқиға Ақтөбе-Орынбор тасжолының 73 шақырымында Мәртөк ауылының маңында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Апаттың ұшырауына бірден үш көлік себеп болды. Олар – Audi Lexus және Subaru forester көліктері.

"Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Ресми деректерге сәйкес, Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу