Ақтөбе облысында жолдың бойында жаралы аққу құтқарылды

216

Бұл ақпаратты "ҚазАвтоЖол" өкілдері хабарлады.

Ақтөбе облысында жолдың бойында жаралы аққу құтқарылды Фото: qaj.kz

"Ақтөбе – Мақат" тасжолының Қандыағаш бағытындағы бөлігінде "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы облыстық филиалының жұмысшысы қанаты сынған аққуды байқап, оған көмектесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандардың сөзінше, кейде үлкен жолдың бойында адамға ғана емес, табиғаттың үнсіз тіршілік иелеріне де көмек қажет.

Құсты қарап шыққанда, оның қанаты зақымданғаны анықталды. Жол маманы қанатты құстың тағдырына бейжай қарамай, оны қауіпсіз жерге апарды.

Айналаны шолу барысында құстың сыңары байқалмаған. Алдағы уақытта аққу қажетті ем-дом жасалып, күтім көрсетілуі үшін тиісті мекемелерге табысталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу