​Ақтөбе облысында жолда қалған 4 адам құтқарылды

450

Өңірде кешелі бері ақтүтек боран. 

​Ақтөбе облысында жолда қалған 4 адам құтқарылды Фото: Облыстық Полиция департаменті

Өткен түнде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жабылды. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаментінің ескертулеріне құлақ аспай, жолға шыққандар бар. Көбі діттеген жеріне жете алмай қалған. Құтқарушылар 51 адамды эвакуациялады. Олар Хромтау қаласына және Бадамша ауылына аман-есен жеткізілді.

Сондай-ақ, жол бойында қалған 4 адам құтқарылды. Оның екеуі – бала. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген.

Қазір жолдардың көбі қайта ашылды. Тек "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" бағытына қарай шығуға әлі рұқсат етілмеді. Өйткені, бұл жақта боранның беті қайтпаған.

"Жүргізушілер көліктің жағдайын мұқият тексеріп, ауа райы туралы ақпаратты қадағалап барып жолға шығу қажет. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан бас тарту керек. Ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеген жөн. Қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автокөлік иелері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны дұрыс", – дейді құтқарушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу