Ақтөбе облысында жолда қалған өзбекстандықтарға көмек берілді

889

Ақтөбе облысында жолда қалған өзбекстандықтарға көмек берілді

Самара-Шымкент тас жолының бойында  жолаушылар автобусы сынып, адамдар жолда қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері сегіз адамды құтқарды. Олардың жетеуі көршілес Өзбекстан елінің азаматы болса, біреуі өз отандасымыз.

Бұл оқиға Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Дон ауылының тұсында, Самара-Шымкент тас жолының 854-шақырымында болған. Жолда қалып қойған жолаушыларға Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шұғыл түрде көмек көрсетіп, оларды қауіпсіз жерге жеткізді.

"Қыс қаһарына мініп, күн күрт суытқан мезгіл болғандықтан алыс жолға шығарда абай болу керек. 112 қызметі дауылды ескерту мен жолдардың жабылғандығы жайлы дереу хабар беріп отырады. Тұрғындардан сол хабарламаларға құлақ асуын сұраймыз", – дейді төтеншеліктер

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу