Ақтөбе облысында жолдың жабылуына байланысты 540 жолаушы пойызбен жеткізілді

120

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" компаниясы хабарлады.      

Ақтөбе облысында жолдың жабылуына байланысты 540 жолаушы пойызбен жеткізілді Фото: rail-news.kz

Қолайсыз ауа райына және Қандыағаш-Ақтөбе учаскесіндегі жолдардың уақытша жабылуына байланысты пойыздармен 540 жолаушы тасымалданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жолаушыларды тасымалдау өңірдегі келесі станцияларда ұйымдастырылды:

  • Қандыағаш станциясынан – 139 жолаушы №613 "Маңғыстау – Орал" пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
  • Алға станциясынан – 122 жолаушы;
  • 50 жолаушы №613 "Маңғыстау – Орал" пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
  • 72 жолаушы №109 "Маңғыстау – Ақтөбе" пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
  • Ақтөбе станциясынан – 279 жолаушы №110 "Ақтөбе – Маңғыстау" пойызымен Бестамақ, Алға, Тамды, Қандыағаш және Шұбарқұдық станцияларына дейін жеткізілді.

Тасымалдау мүмкіндігін арттыру мақсатында №110/109 "Ақтөбе – Маңғыстау" пойызының құрамына қосымша плацкарт вагоны тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу