Ақтөбе облысында жүргізуші жедел жәрдем көлігін соқты

1123

Бір жолаушы есін жимаған күйі көз жұмды.  

 Ақтөбе облысында жүргізуші жедел жәрдем көлігін соқты

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық кенті аумағындағы "Самара-Шымкент" автожолында бүгін қайғылы оқиға болды. Таңғы сағат 08:20-да 35 жастағы "КИА" автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына тиесілі "Уаз" автокөлігімен соқтығысқан.

Соның салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен жолаушы түрлі дене жарақатымен Хромтау қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін "Уаз" автокөлігінің 58 жастағы жолаушысы есін жимастан қайтыс болды. Белгілі болғандай, көз жұмған әйел адам – жұмыс барысымен жүрген медициналық мекеменің қызметкері екен.  Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу